Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абзал Құспан жазушы Аягүл Мантайдың өлімінен соң қозғалған қылмыстық іс туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Абзал Құспан
Видеодан кадр: Qasqa Jol арнасы

Түркістан облысында жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Адвокат Абзал Құспан белгісіз жағдайда ажал құшқан жазушының өліміне байланысты қозғалып жатқан іс пен журналист Сәуле Әбілдаханқызы туралы пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі адвокат Абзал Құспан "Qasqa Jol" бағдарламасына берген сұхбатында Сәуле Әбділдаханқызының неге үнсіздік сақтап жүргенін түсіндірді.

"Біріншіден, бұл - марқұмға құрмет. Екіншіден, ол (Сәуле Әбілдаханқызы - ред.) бұл істе куәгер ретінде өтіп жатыр. Ал куәгер қандай да бір фактілерді сот шешімі шықпай айта алмайды. Егер күдікті болса, онда ол ақталу тұрғысында қандай да бір мәліметтерді ортаға сала алар еді. Бірақ ол айыпталушы емес, - дейді Абзал Құспан.

Адвокат сондай-ақ Сәуле Әбілдаханқызымен де, Мәди Манатбекпен де кездескенін айтты.

"Күні кеше өз жұмыстарыммен Шымкентте болып, ол екеуімен де жүздесіп, қағаздарын көрдім. Өз басым, жолдастыққа адалдық дегенді жоғары қоямын. Елдің бәрі Сәуледен теріс айналды деп одан қашып кетпеймін. Керісінше, кәсіби көмегімді ұсынамын, әрине қағаздарын көріп, біраз нәрсеге көз жеткізген соң айтып отырмын мұны. Қағаз дегенде желідегі жазбаларды көрдім. Бірақ жазбада ешкімнің аты аталмайды, ашық айыптау жоқ. Астында бұл кім деп сұраса да Сәуле атын айтпайды. Жекесіне де шығып сұрағандар болыпты, оған да жауап қатпаған. Сәуленің жазбасы 21 шілдеде жарияланады. Ал Аягүл Мантайдың қайтқан күні - 29 шілде. Арада сегіз күн өтті. Бұл екі ортада екеуі бір-бірінен кешірім сұрап, тоқтаған кез. Ал не нәрседе де сот тергеуші мен сарапшы пікірін ескереді, бірақ басшылыққа алуы міндетті емес. Сот психологиясы мамандары бұл арада не дейді дейсіздер ғой. Олардың пікірі қыз шалт қимылға барса, ол жазба жарияланған күні болуы керек еді дегенге саяды. Аффект, ашу деген нәрсе сол сәтте болады. Сүттен ақ, судан таза демеймін, бірақ "Сәуле Әбділдаханқызы кісі өлтіруші" деп бірден кесіп айтуға өз басым қарсымын. Оның үстіне ол арада Сәуледен басқа бірнеше адам куәгер ретінде тартылып жатыр. Олардың атын атай алмаймын. Бірақ қоғамның назарын барлығы қазір Сәулеге бұрып қойды. Желі тек Сәулені сөз қылады. Ал тергеуде басқа көп нәрсе сөз болып жатыр, оны айта алмаймыз, әзірге, - дейді ол.

Еске сала кетсек, жазушы Аягүл Мантайдың өліміне байланысты Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде облыстық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова ақпарат құралдарына хабарлаған. Тергеу амалдары басталып, арнайы сараптамалар тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928799-abzal-quspan-zazusy-ayagul-mantaidyn-oliminen-son-qozgalgan-qylmystyq-is-turaly-aitty-video/

pixel