RU

Ілияс Жансүгіровтің ұлы өмірден өтті

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 91 жасында өмірден өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Кенші, техника ғылымдарының кандидаты Саят Жансүгіров 1930 жылы 21 ақпанда дүниеге келген.

Мәскеуде білім алып, зейнетке шыққанша тау инженері болып жұмыс істеді.

Қазақ ССР Ғылымдар академиясының тау-кен ісі институтында біраз уақыт еңбек етті.

Ілияс Жансүгіровтың тұңғышы 8 жасында әкесінен айырылып, артынан анасы да көз жұмды. Содан Саят 13 жасында жұмыс істей бастаған.

"Әкем керемет адам еді. Ол мені тізесіне отырғызып алып тек жақсы сөздер айтатын. Менің әкем халықтың адамы ғой. Сол кездегі мейірімді бейнесі әлі көз алдымда. Әкеме деген жылылық әлі күнге жүрегімнен кетпейді. Жастайымнан ағайын-туыс, үйге келетін адамдардың бәрі әкеңе ұқсайсың деп айтатын. Мектепте, кейін Мәскеудегі Тау-кен университетінде орысша оқыдым. Жұмыста да өңшең орыстардың арасында болдым. Алайда тілімді сақтап қалдым", – деп еске алды Саят Ілиясұлы бір сұхбатында.

Тау инженері әкесінің өлеңдерін де аударып, газет-журналдарда жариялаған.

Айта кетейік, Саят Жансүгіров ақынның үшінші әйелі Фатима Төребаевадан туған. Қарындасы Сайра кішкентай кезінде шетінеп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928811-iliyas-zansugirovtyn-uly-omirden-otti/