RU

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Жаз
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Атап айтқанда, найзағай, бұршақ, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.

Республиканың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады.

  • Батыста түнде 17-22 градус, күндіз 30-38 градус ыстық күтіледі.
  • Солтүстікте түнде сынап бағанасы 7-18 градусты көрсетсе, күндіз 20-35 жылы болады.
  • Орталықта және республиканың шығысында түнде 7-18 градус, күндіз 22-35 жылы болады деп болжануда.
  • Ал оңтүстікте түнде 15-23 градус жылы болса, күндіз сынап бағанасы 32-40 градус ыстықты көрсетеді.
  • Оңтүстік-шығыста түнде 13-22 градус жылы болса, күндіз 27-37 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928815-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/