Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Батыс Қазақстанда арнайы операция өткізді: 30-дан астам адам ұсталған (фото)

Опубликовано:

Қылмыстық топ
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының қатысуымен Қазақстанның батысында арнайы операция жүргізді, нәтижесінде 30-дан астам адам ұсталды деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Есірткі
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталды", – делінген хабарламада.

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Қару-жарақ
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

"ҰҚТ әрекетінің жолын кесу үшін тынымсыз жедел жұмыс жүргізілді. Фигуранттардың есірткі қылмысына қатыстылығына бұлтартпас дәлелдемелерге қол жеткізілді, қылмыстық топтың құрылымы және қатысушылар арасында рөлдерді бөлуі анықталды", – деп атап өтті комитетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928819-uqk-batys-qazaqstanda-arnaiy-operaciya-otkizdi-30-dan-astam-adam-ustaldy-foto/

pixel