Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй жалдауға арналған танымал сайт ауған босқындары үшін тегін тұратын жер ұсынып отыр

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үй іздеуге және жалдауға арналған танымал Airbnb сайты 20 мың ауған босқынына уақытша тұратын тегін баспана ұсынып отыр деп хабарлайды Би-би-си.

Компания көшбасшысы мұндай қадамды өзінің азаматтық парызы деп есептейді, сондай-ақ, ол басқа да кәсіпкерлерді ауғандарға көмектесуге шақырады.

"Мыңдаған ауған босқыны әлем бойынша жан-жаққа көшетін болса, оларды тұрақтаған мекені жаңа өмірдің бастауы болмақ. Мен Airbnb қоғамдастығы 20 мың босқынға жаңа өмір бастау үшін қауіпсіз баспана ғана емес, оларды құшақ жая қарсы алатын жерді де ұсынады деп үміттенемін", - дейді Airbnb-тың бас атқарушы директоры Брайан Чески.

Компания өкілдері жемісті нәтиже үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Дегенмен бұл процедураға қанша уақыт кететіні белгісіз.

Сондай-ақ, компания қоныс аудару жөніндегі серіктестерімен тығыз байланыста болатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы – Кабулды шабуыл жасамай-ақ бағындырған еді. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал тәліптер елде 20 жылдық соғыстың аяқталғанын хабарлады. Дегенмен Кабул әуежайында дүрбелең басталып, мыңдаған адам ауған астанасынан қашуға тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928845-ui-zaldauga-arnalgan-tanymal-sait-augan-bosqyndary-usin-turatyn-zerdi-tegin-usynyp-otyr/

pixel