Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Степногорскте сатушы әйел қарақшыны дүкеннен қуып шықты (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: polisia.kz

Степногорскте дүкен қызметкері қарақшыға қарсы тұрып, оны дүкеннен қуып шықты. Оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 10 тамызда болған.

Полицияға 40 жастағы сатушы әйел хабарласып, таңертең белгісіз ер адам бұрыш спрейін қолданып, дүкенді тонамақшы болғанын айтқан.

Алайда дүкен қызметкері қарсылық танытып, қарақшыны дүкеннен қуып шыққан.

Полиция өз кезегінде күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол бұрын Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотталған 21 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 191-баптың 3-бөлігі 3-тармағы, 24-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперде киген белгісіз ер адам дәріхана қызметкерінің мойнына пышақ тақап, 30 мың теңгедей қаражатты алып кеткен еді.

Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті қаладағы компьютерлік клубтардың бірінен табылады. Сонымен қатар, оның қалтасынан тексеру кезінде пышақ пен ақша шыққан. Кейін ер адам өз кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1928879-stepnogorskte-satusy-aiel-qaraqsyny-dukennen-quyp-syqty-video/

pixel