Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды

Опубликовано:

ән айту8
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, Павлодар қаласының полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде түнгі сағат 04.00 шамасында Шөкин көшесінде ән айтып жүрген жігітті байқаған.

Анықталғандай 21 жастағы павлодарлық тұрғын мас күйде болған.

"Осындай мінез-құлық үшін жас жігітке қатысты ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, тек бір тәулік ішінде мас күйдегі 34 адам ұсталды", - дейді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров.

Ведомство Павлодар қаласының жолдары мен көшелеріндегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізіп отыратынын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда көңілді кеш кезінде тікелей эфирге шыққандар өздерін полицияға ұстап бергенін жазған едік.

Дәлірек айтқанда, 1 тамыз күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан "Какие люди" ресто-барының карантин режимін бұзғаны анықталған болатын.

Мекеме иесіне қатысты жиналған материал ӘҚБК 425-бабына сәйкес, әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928882-pavlodarda-tungi-uaqytta-kosede-an-aitqan-zigit-zauapqa-tartyldy/

pixel