Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еврей қауымдастығының жиынынан соң Rixos-тың бас директорына 670 мың теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

айыппұл11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда еврейлер қауымының жиынынан соң Rixos қонақ үйінің бас директорына 670 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Онлайн-брифинг барысында журналист Жандарбек Бекшиннен неге осыған дейін тек қонақ үй әкімшісіне айыппұл салынғанын сұрады.

Бекшиннің сөзінше, бұл уақытта қонақ үйдің бас директоры еңбек демалысында болған. Сол себепті де оған айыппұл салу мүмкін болмаған.

"Бас директор еңбек демалысынан келген соң хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - дейді Алматы қаласының бас санитарлық директоры.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Rixos Almaty қонақ үйінің алдында еврей қауымдастығының өкілдері жиналған видео тараған болатын.

Бұл жайтқа қатысты тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде шараны ұйымдастырушы Орталық синагога басшысы 30 АЕК айыппұл салынған еді.

Ал өз кезегінде Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қонақ үй басшылығының адамдардың жиналуына еш қатысы жоқ екенін, сол себепті оларға айыппұл салынбайтынын айтқан болатын.

Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Rixos қонақ үйіне айыппұл салынбағаны үшін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинді сынға алды.

Артынша Rixos қонақ үйінің менеджеріне еврей қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараны өткізгені үшін 30 АЕК айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928901-evrei-qauymdastygynyn-ziynynan-son-rixos-tyn-bas-direktoryna-670-myn-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel