Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда демалыс күндері кафеге тек вакцина алғандар мен ПТР-тест тапсырғандар кіре алады

Опубликовано:

Дәмхана
Көрнекі фото: piqsels.com

4 қыркүйектен бастап Алматыда шектеу шаралары жеңілдетіледі, алайда кей нысандарға адамдар Ashyq қосымшасындағы "жасыл" статус болған жағадайда ғана кіре алады. Бұл туралы оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінде нысандарға "жасыл" статусы бар тұлғаларды (вакцина алған адамдар -ред.) ғана кіргізу ұсынылып отыр. Ал "жасыл" статусы жоқтар ПТР-тест нәтижесін көрсету керек. Оның жарамдылық мерзімі 7 күн. Алматылықтар үшін әлі уақыт бар, уақыт бекітілді. Демалыс күндері 4 қыркүйектен бастап, жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап карантиндік шараларды жеңілдету жоспарланып отыр", - дейді ол.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері бұл шешімді дұрыс деп есептейді.

"Қашанғы шектеумен отырамыз? Бізге инфекцияны жеңіп, жағдайды тұрақтандыру қажет. Біздің жоғарыдағы органдар шектеулер енгізгені өте дұрыс болды. Басқаша бұл жағдайдан қалай шығамыз?", - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, Бекшин демалыс күндері қала тұрғындарының белсенділігі артып, көптеген жаппай іс-шара ұйымдастырылып жатқанын атап өтті. Демалыс күндері шектеу шараларын енгізу де соған байланысты, дейді ол.

Айта кетейік, елімізде карантиндік шектеу шаралары 28 тамыздан бастап жеңілдетіледі. Ал Алматы қаласында тек бір аптадан кейін ғана жеңілдетіле бастайды.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мұндай шешім қабылдауына қаладағы эпидемиологиялық жағдай себеп болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928905-almatyda-demalys-kunderi-kafege-tek-vakcina-algandar-men-ptr-test-tapsyrgandar-kire-alady/

pixel