Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде алты жасар қыз іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Қыз
Қыз бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде 6 жасар қыз таңертең сағат 10:30-да үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласындағы Тургенев көшесінде тұратын 6 жастағы Айлана Батырбаева іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер тобының 15-ке жуық адамы жұмылдырылған.

"Біз жоғалған қыз тұратын аумақты емес, қаланың әр шағын ауданынан іздестіріп жатырмыз. Қазір көбі жұмыста. Барлығы 15 адам іздеуге шықты. Ал жұмыс уақыты аяқталған соң іздеуді күшейтеміз", - деді еріктілер тобының мүшесі Анастасия Евсеева.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928913-aqtobede-alty-zasar-qyz-izdestirilip-zatyr/

pixel