Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік көлігімен жиектасқа соғылып, екі досы ауруханаға түсті

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 17 жастағы бозбала көлік руліне отырған. Жол-көлік апаты салдарынан көлік ішіндегі екі досы ауруханаға түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбелік "Lada 21154" көлігін айдап келе жатып, Батыс-2 шағын ауданында жиектасқа соқтығысқан Салдарынан көлік ішінде отырған екі досы жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

"Кәмелетке толмаған балалардың көлік жүргізуге құқығы жоқ. Заң бойынша олардың ата-аналары жауапқа тартылады. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 90 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 10 адам қаза тауып, 82 адам жарақат алды.

Еске салайық, Алматы маңындағы Райымбек ауылында екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жол апатына қатысты пікір білдірген Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Karina мен Lada 2107 көліктері соқтығысқан. Салдарынан 8 адам зардап шегіп, олардың төртеуі көз жұмған.

"Алдын ала болжам бойынша Toyota Karina автокөлігінің жүргізушісі Сүйінбай көшесімен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada 2107 көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында Lada 2107 көлігінде отырған 21 жастағы жолаушы қаза тапқан. Тағы үш адам – ​​Lada 2107 көлігінің 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Karina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасына жеткізілген кезде қайтыс болған. Сондай-ақ, тағы төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алған", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928922-kamelet-zasqa-tolmagan-aqtobelik-koligimen-ziektasqa-sogylyp-eki-dosy-auruxanaga-tusti/

pixel