RU

Павлодарда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

23 тамыз күні Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның денесі табылды.

54 жастағы тұрғынды іздеу жұмыстары екі тәулікке жалғасқан еді. Марқұм 23 тамыз күні сағат 20.30 шамасында суға түсуге арналмаған жерде шомылып жатқан жерінде батып кеткен болатын. Бұл туралы Sputnik Қазақстан өңірдің ТЖ департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Қайтыс болған азаматтың денесін қала тұрғыны авто-аткөлік көпірінің аумағынан тауып алған. Ол бірден полицияға хабарласқан. Ведомство марқұмның досымен бірге су жағасында спиртті ішімдік ішкенін айта кетті. Сондай-ақ, департамент қазір Ертіске 22 тамыз күні батып кеткен 17 жастағы қызды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын да жеткізді.

Ведомство дерегіне сүйенсек, биыл өңірдегі су қоймаларында 28 адам қайтыс болған, оның жетеуі кәмелетке толмаған бала.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда перинаталды орталықтың жөнделген шатырынан жаңбырдан кейін су ағып, бүкіл ғимаратты су басқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928926-pavlodarda-birnese-kun-buryn-suga-batyp-ketken-er-adamnyn-denesi-tabyldy/