RU

Елбасының құрметіне Алматы облысындағы шекара бөлімшесінің атауы өзгертілді

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Еліміздің тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Алматы облысындағы "Баянқол" шекаралық бөлімшесінің атауы ауыстырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкімет қаулысына сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылған.

Айта кетейік, елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне елорда мен ірі қалалардың орталық көшелері, әуежай атауы өзгертілген.

Елбасының есімі университеттер, мектептер мен саябақтар, алаңдар мен шыңдарға да берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928946-nazarbaevtyn-qurmetine-almaty-oblysyndagy-sekara-bolimsesinin-atauy-ozgertildi/