Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Колумбия тұрғыны коронавирусқа қарсы жеті рет вакцина салдырған

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: РИА Новости / Густаво Вальенте

Колумбияның батысындағы Кали қаласында ер адам коронавирусқа қарсы вакцинаны жеті рет салдырған. Билік өкілдері тергеу жұмысын бастап кетті деп хабарлайды РИА Новости.

"Жеті рет вакцина салдырған адам анықталды. Ол 60 жастан асқан. Болжам бойынша, психологиялық ауытқуы бар", - дейді Кали қаласының денсаулық сақтау министрі Миерланди Торрес.

Ол биліктің тергеу жұмысын бастағанын мәлімдеді.

Басылым дерегінше, азамат түрлі компанияның атап айтқанда Sinovac, AztraZeneca, Pfizer және Janssen вакциналарын салдырған. Дозаның көп мөлшері тұрғынның денсаулығына еш әсер етпепті.

Осы орайда қала билігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін электронды бланк дайындап шығарған. Сол арқылы адамдар вакцинация алдында ақпараттық келісім береді. Олар бланкіні шығарып алып, қол қоятын пунктіге әкелуге міндетті.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы отандық QazCoVac-P вакцинасы клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінен өткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, өзбекстандық өнертапқыш Олимжон Юсупов коронавирусты жойып жіберетін қондырғы ойлап тапқан болатын.

Оның айтуынша, аппарат COVID-19-дың кез келген штамын бірнеше секундта өлтіре алады. Құрылғыны жасап шығару үшін Олимжон 1,5 жыл бойы еңбектенген.

Тың аппарат кварц шамдары немесе ауаны тазалайтын қондырғылар секілді жұмыс істейді.

"Бірақ тиімділігі әлдеқайда жоғары", – дейді өнертапқыш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928960-kolumbiya-turgyny-koronavirusqa-qarsy-vakcinany-zeti-ret-saldyrgan/

pixel