Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқа 8-қабаттағы балкон арқылы шықпақ болған Нұр-Сұлтан тұрғынын полиция құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

Полицей
Нұрсұлтан тұрғынын құтқару сәті. Кадр: Polisia.kz

Нұр-Сұлтан полицейлері сегізінші қабаттың терезесінен шықпақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сегізінші қабаттың карнизінде ер адам тұрғанын және оның төмен құлап кетуі мүмкін екені туралы хабарлама полиция бөлімшесіне 25 тамызда сағат 14.35-те түскен.

Оқиға орнына тез арада үш минуттың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы патрульдік полиция полкының жасағы келіп жеткен.

Қайғылы жайттың алдын алу үшін полицейлер ер адамның пәтеріне төменгі қабаттағы көршілерінің балконы арқылы кірген. Пәтерге кірген соң полицейлердің бірі ер адамды бөлмеге қарай кіруге үгіттей бастаған.

Ал оның әріптесі, бұл ретте, төменде тұрып жағдайды бақылауда ұстаған. Алайда ер адам тәртіп сақшыларының өтінішіне құлақ аспай қойған.

Дегенмен полицей қызметкері сөзбен оның назарын аулап, лезде ер адамды екі аяғынан ұстап, пәтерге кіргізген. Осылайша, қала полицейлері тұрғынды бір өлімнен аман алып қалған.

Тексеріс барысында 23 жастағы жігіт сүйіктісімен ұрысып қалғаны және әйел пәтерді сыртынан кілттеп кеткені белгілі болды. Ішімдіктен ұрттап, бойында батылдық пайда болған жігіт сыртқа сегізінші қабаттың балконы арқылы шықпақ болған. Тәртіп сақшылары жігітпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мұндай әрекеттерге бармауын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928962-syrtqa-8-qabattagy-balkon-arqyly-syqpaq-bolgan-nur-sultan-turgynyn-policiya-qutqaryp-qaldy-video/

pixel