RU

Шетелде вакцина салдырған қазақстандықтар вакцинация төлқұжатын қалай алады

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтарға вакцинация төлқұжатын қалай алуға болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, егер азамат екпені өзге елде салдырып, оны Қазақстанда ресми тіркегісі келсе, онда ол тіркелген мекенжайы бойынша медициналық ұйымға келіп, вакцина салдырғанын растайтын құжатын ұсынуы керек.

Өз кезегінде емхана вакцина салдырғаны туралы деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді. Содан кейін вакцинация паспорты egov-тан көрінетін болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Венгрия, Таиланд және Моңғолия, Грузия, Қырғызстан және Молдавия азаматтарының вакцинация құжаттары Қазақстанда жарамды екенін жазған едік.

Одан бөлек, аталмыш елдерде де Қазақстанның вакцинация паспорты мойындалатыны хабарланған болатын.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың сөзінше, қазір вакцина паспортын Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері аясында мойындау бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928995-setelde-vakcina-saldyrgan-qazaqstandyqtar-vakcinaciya-tolquzatyn-qalai-alady/