Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған алты жасар қыз табылды. Бүлдіршін аман-есен ата-анасына табысталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

25 тамызда сағат 12.30-да Тургенев көшесіндегі үйде тұратын 6 жасар қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Дереу полиция қызметкерлері мен “Zello Poisk” еріктілері жоғалып кеткен қызды іздестіру бойынша іс-шараларды бастап, жоғалып кеткен қыз туралы барлық жеке құрамға бағдарлар жіберді. Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты, ол “ЮРТА ПАРК” отбасылық демалыс саябағында болған. Белгілі болғандай, күндіз қыз ата-анасының жоқтығын пайдаланып, үйден шығып, автобуспен саябаққа жетіп, күні бойы сонда болған. Табылған бала ата-анасына беріледі.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналардан бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды, балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізуді және өз балаларының орналасқан жерін бақылауды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде алты жасар қыздың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Жасөспірім таңертең сағат 10:30-да үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929028-aqtobede-zogalyp-ketken-alty-zasar-qyz-tabyldy/

pixel