Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында КВИ көп адамның өмірін жалмаған: Бас дәрігер себебін айтты

Опубликовано:

дәрігер-індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов тамыз айында коронавирустан қайтыс болғандардың саны артқанын жеткізді деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Айта кетейік, өңірде жаздың үшінші айында коронавирустан көз жұмғандар саны 111-ге жетті.

Ал шілде айында 81 адам қауіпті дерттен көз жұмған еді.

Осы орайда Айдар Сейітқазинов қайтыс болғандың көбісі зейнет жасындағылар екенін сөз етті.

Оның айтуынша, 35-40 жастағы адамдар көз жұмған жағдайлар аз тіркелген.

"Биыл ауру күрделі өтуде", - деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысы тамызда КВИ жұқтырушылардың көбейгені де әсер еткенін жасырған жоқ. Сонымен қатар басқа да бірнеше себебіне тоқталды.

"Тамызда ауруханаға түскендер көп. Оған қоса, коронавирустың жаңа штаммы шықты. Ол қауіптірек. Себептердің бірі – адамдар ауруханаға кеш жүгінеді. 1 аптаға дейін өз-өзін емдеумен айналысады. Сол себепті адамдар ауыр жағдайға жетіп қана келуде. Осының бәрі көз жұмғандар санының артуына әкеліп отыр", - деді Айдар Сейітқазинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929029-pavlodar-oblysynda-kvi-kop-adamnyn-omirin-zalmagan-bas-dariger-sebebin-aitty/

pixel