RU

Тәліптер Кабулдың сыртында журналистерді сабап тастады

Тәлібтер
Фото: Mir Ahmad Firooz Mashoof/Anadolu Agency via Getty Images

TOLOnews ауған телеарнасының журналисі мен операторы материалды түсіру кезінде Кабулдың сырт жағында тәліптерден таяқ жеді деп хабарлайды ТАСС.

Түсірілім тобы Жақып қажы кварталына кедей өмір мен жұмыссыздық туралы репортаж түсіру үшін келді, бірақ репортер мен оның операторын ұрып-соғып, техника құралдарын алып кетті.

Зардап шеккен журналист Зияр Яадтың айтуынша, оны және оның әріптесін қарудың дүмбісімен ұрған.

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы комиссиясы басшысының мәдениет жөніндегі орынбасары Ахмадулла Васик өз түсініктемесінде тәліптер журналистерді ұрмағанын, тек қорқытқанын айтты.

"Елорда басшылығы бізді оқиғаны тексеріп жатқанына сендірді, ал журналистер үшін қай жерде мәселе болса, біз оны шешуге тырысамыз", – деді Васик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929032-talipter-kabuldyn-syrtynda-zurnalisterdi-sabap-tastady/