Ресей ІІМ УҰИ-нан қашып кеткен қазақстандықты ұстауға көмектескені үшін 1,5 млн рубль уәде етті
Опубликовано:

Ресей Ішкі істер министрлігі уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен қазақстандық Александр Мавридиді ұстауға көмектескені үшін сыйақының 1,5 миллион рубльге дейін өскені туралы хабарлады.
"МВД Медиа" сайтында хабарланғандай, Мавридидің қайда екені әзірге белгісіз.
Кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды табуға көмектескен адамға 1 500 000 рубль (шамамен 8,6 млн теңге) беріледі.
"Іздеуде жүрген адамның тұрғылықты жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандар полицейлерге тез арада мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: 02, (495) 994-50-64, (495) 609-77-06.
Хабарласқандардың жеке басының құпиялылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік беріледі", – деп хабарлады ведомствода.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929052-resei-iim-uui-nan-qasyp-ketken-qazaqstandyqty-ustauga-komekteskeni-usin-15-mln-rubl-uade-etti/