Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға ауған студенттерін алып келеді: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын ауған студенттерін елге чартерлік рейспен алып келетінін жазған едік. Бұған қатысты білім және ғылым министрлігі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство қазіргі уақытта Қазақстанның құзырлы органдары еліміздің оқу орындарында оқитын ауған студенттеріне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, Ауғанстандағы саяси-әскери ахуалдың нашарлауына байланысты ауған тарапымен тасымалдау мәселесін талқылауға мүмкіндік жоқ.

"Осы ретте ауған студенттерінің Қазақстанға келуіне қатысты логистикалық мәселелер қосымша қарастырылатын болады" делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан ауған студенттеріне арналған білім беру бағдарламасын іске асырып келеді. Соның аясында мыңдаған Ауғанстан азаматы жоғары оқу орнында білім алып жүр. Оларға шәкіртақы төленеді. Медициналық қызмет пен көлік шығындары да өтеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929064-qazaqstanga-augan-studentterin-alyp-keledi-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel