Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің министрлігінен 1,2 млн доллар ұрлаған ресейліктің ісі: Қанша ақша кері қайтарылды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жақында Омбыда 2003 жылы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінен 1,2 миллион доллар ұрлаған Ресей азаматшасына қатысты үкім шығарылды. Бүгінде ұрланған ақшаның қанша бөлігі бюджетке кері қайтарылғаны белгілі болып отыр.

Ресей азаматшасы мен оның екі сыбайласы жасаған алаяқтық БАҚ-та "ғасыр алаяқтығы" деп атанып кеткен болатын. 2003 жылы әйел жалған куәлікпен Қазақстанның қазынашылық басқармасына жұмысқа орналасқан.

Кейін оған Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі есепшотынан 500 миллион теңге ұрлады деп айып тағылып, әйел 16 жыл бойы жасырынып жүрген.

Жақында Омбыда оған сот үкімі шығарылды - 42 жастағы ресейлік әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 5 айға жалпы режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылды.

Маусым айында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі айыпталушылардан қаражатты өндіру туралы талап-арыз берілмегенін хабарлады. Бұл Су ресурстары комитетінің бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына емес, Экология министрлігінің құрамына енетіндігімен түсіндірілді.

"Шындығында, 2003 жылы су ресурстары комитетінің шотынан қылмыскерлер бюджет қаражатын ұрлаған сәтте бұл мекеме Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болған. Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі айыпталушы ресейлік әйел Светлана Киршовадан қаражатты өндіру туралы талап-арыз бермегеніне баса назар аударуды орынды деп санаймыз. Белгіленген өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті мемлекет атынан талап-арыз берді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгін Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұрланған қаржының бір бөлігі қайтарылғанын хабарлады. Басқарманың баспасөз қызметі түсіндіргендей, ұрланған ақшаның жалпы сомасы - 500 млн теңге. Олардың 368 -і 2003-2012 жылдары бюджетке қайтарылды - оларды Киршованың сыбайластары қайтарып берді. Олар Киршовадан бұрын қолға түсіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.

Бюджетке қайтарылатын қалған сома - 132 миллион теңге. Бұл соманы министрлік Киршова ісі бойынша сот отырысында жария етті. Бірақ сотқа қатысты ақпарат электронды түрде берілмейтіндіктен, қазақстандық мекемеге сот шешімі әлі жолданбады. Енді Экология министрлігі пошта арқылы сот шешімін күтетін болады.

Мекеме соттан құжат келіп, онымен танысқаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929078-elimizdin-ministrliginen-12-mln-dollar-urlagan-reseiliktin-isi-qansa-aqsa-keri-qaitaryldy/

pixel