Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

82 жастағы әжейдің 1,9 млн теңгесін жымқырып кеткен қостанайлық алаяқ ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Anar Mustafayev

Батыс Қазақстан облысында қостанайлық алаяқ 82 жастағы әйелдің 1,9 миллион теңгесін жымқырып кетті деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірдің полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков алаяқ әйел ұлымен бірге Ақтөбе облысында ұсталғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, оқиға 23 тамыз күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болған.

1939 жылғы әйелдің үйіне сыған әйел келіп, диагноз қойып беретінін айтқан. Сосын оған дуа түскенін, түрлі ауруға шалдыққанын жеткізіп, бұдан арылтатынын жеткізген. Осыдан кейін зейнеткерді сиқырлап, үйдегі барлық ақшаны көрсетуін сұраған. Ақыры емге зияны тимеуі үшін бұл жөнінде ешкімге тіс жармауы керектігін ескертіп, машинамен тайып тұрған. Жеңіл көлік рөлінде оның 23 жасар ұлы болған.

"Бұған күдіктенген зейнеткер әйелдің күйеуі ақшаны таяу маңдағы сауда нүктесіне барып, тексерткен кезде жалған болып шыққан. Полиция қызметкерлері алаяқтардың ізіне бейнебақылау арқылы түсті. Сол түні оларды департаменттің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Жымқырылған ақшаның бір бөлігі тәркіленді", деді Болатбек Белгібеков.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929085-82-zastagy-azeidin-19-mln-tengesin-zymqyryp-ketken-qostanailyq-alayaq-ustaldy/

pixel