Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кабул әуежайының маңында жарылыс болды (фото, видео 18+)

Опубликовано:

Жарылыс Кабул11
Оқиға орнынан фото: Telegram-канал Life Shot

Ауғанстан астанасы Кабулда әуежай маңында жарылыс болды. Салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, тағы 70 адам жарақат алған.

РИА Новости-дің хабарлауынша, Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби жарылыс болғанын растаған.

"Әуежайдың сыртында Abbey қақпасының маңында жарылыс болғанын растай аламыз. Құрбан болғандар саны белгісіз", - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Жарылыс туралы АҚШ президенті Джо Байденге хабарланған.

Life Shot Telegram-каналының жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс жанкешті лаңкестің шабуылынан кейін болған.

Ал АҚШ-тың CNN телеарнасының мәліметінше, жарылыстан ауғандар арасында зардап шеккендер бар.

Al Jazeera телеарнасының дерегінше, жарылыстан кемінде 70 адам зардап шеккен.

Сонымен қатар, Fox News телеарнасы зардап шеккендер арасына үш америкалық сарбаз барын хабарлады. Сондай-ақ, жарылыстан кейін әуежайда атыс болған.

"Куәгерлер жанкешті лаңкес шабуыл жасағанын және коалиция мен сарбаздар атысқанын хабарлауда", - деп жазды ауғандық журналист Биляль Сарвари өзінің Twitter парақшасында.

Fox News-тің түрік әскерилеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Кабулда екінші рет жарылыс болған. The Wall Street Journal-дың дерегінше, екінші жарылыс америкалықтар тоқтаған Baron қонақ үйінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929091-kabul-auezaiynyn-manynda-zarylys-boldy-foto-video-18/

pixel