Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Жамбыл облысына министрлер аттанды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы11
Фото: Ақорда

Жамбыл облысындағы әскери қоймадан шыққан өртке байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында пікір білдірді.

"Жамбыл облысына Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрі, сондай-ақ ішкі істер министрінің орынбасары аттанды. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық төтенше жағдай департаменті мен әскерилерден шамамен 30 адам зардап шеккен.

Өрттің салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ҚМ, ТЖМ, ІІМ бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Теміржол байланысы уақытша тоқтатылды", - деп жазды президент.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929104-zambyl-oblysyndagy-zarylys-preziden-zardap-sekkender-turaly-aitty/

pixel