Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы алты жарылыс болды": Жамбыл облысындағы жарылыстан шамамен 32 адам жараланған

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Әлеуметтік желіден алынды

Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыстан шамамен 32 адам жараланған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарылыстан зардап шеккендер Тараздағы №1 ауруханаға жеткізілген.

"Бүгін сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті жою жалғасуда.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның өрт сөндіру есептоптары жұмылдырылды.

Қоймада көбінесе ұзақ қашықтыққа қабілетті емес инженерлік оқ-дәрілер сақталады. Барлығы 6 жарылыс болды.

Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Медициналық көмекке жүгінген 32 зардап шегуші туралы мәліметтер бар, оның ішінде 10-ы әскери қызметші", - деліген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929107-barlygy-alty-zarylys-boldy-zambyl-oblysyndagy-zarylystan-32-adam-zaralangan/

pixel