Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Тараз қаласы мен ауыл тұрғындарын сабырға шақырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты тұрғындарды сабырға шақырды.

"Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ, жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек", - деп жазды президент.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Олардың 11-і - әскери қызметкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929126-toqaev-taraz-qalasy-men-auyl-turgyndary-sabyrly-ari-saq-boluy-kerek/

pixel