Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Тараз қаласынан кетпек болған тұрғындардың видеосы тарады

Опубликовано:

Тұрғындар
Кадр: Instagram / vtvs_taraz

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан кейін облыс орталығы Тараз қаласынан кетпек болған тұрғындардың видеосы тарады.

Кадрлардан көлікпен қаладан кетуге тырысқан Тараз тұрғындарын байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, жанармай құю бекеттерінде және қаланың шыға берісінде ұзын-сонар кептеліс пайда болған.

Сондай-ақ, желіде тағы бір видео тарады. Болжам бойынша бұл видеода әскери бөлімге жақын елдімекендердің тұрғындарын эвакуациялау сәті бейнеленген.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Олардың 11-і - әскери қызметкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929128-qaladan-ketip-zatqan-taraz-turgyndarynyn-videosy-zariya-boldy/

pixel