Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыс: Зардап шеккендер саны 66-ға жетті

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: Instagram / kris_p_kz

Жамбыл облысында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны артуда. Қазіргі уақытта 66 адамның жарақат алғаны белгілі болып отыр.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі төтенше жағдайдан зардап шеккендердің саны 66-ға жеткен.

"Олардың дені жеңіл жарақат алған, екі адамның жарақаты ауыр. Одан бөлек, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан тек ресми жедел штаб берген ақпаратқа назар аударуды сұраймыз", - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929129-zambyl-oblysynda-bolgan-zarylystardan-zardap-sekkenderdin-sany-66-ga-zetti/

pixel