Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін 1200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген (фото, видео)

Опубликовано:

Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар
Эвакуация пунктіне жеткізілген тұрғындар. Фото: Telegram-канал "ВТВС | В Таразе всегда солнечно"

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кеше кешкісін жойқын жарылыс болған әскери қоймаға жақын орналасқан ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Желіде эвакуациялау сәтінен кадарлар тарады.

Ішкі істер министрлігі Instagarm парақшасындағы мәліметіне сүйенсек, эвакуациялық жұмыстарға Жамбыл облысы полиция департаментінің 300 полицейі мен 47 автоэкипажы, сондай-ақ Ұлттық ұланның 520 сарбазы жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта Тараз қаласындағы мектептерге шамамен 1200 адам орналастырылған. Бұл Қайнар, Ботамойнақ, Жібек жолы ауылдарының және Байзақ ауданы Үшбұлақ станциясының тұрғындары", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар, министрлік әскери қоймадан өрт шығу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 462-бабы "Қару-жарақпен, сондай-ақ ортаға қауіп төндіретін бұйымдар және заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Одан бөлек, қоғамдық тәртіпті сақтау және тонаудың алдын алу мақсатында тұрғындары эвакуацияланған елдімекендерді қоршау мен патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, құзырлы орган тексерілмеген немесе жалған ақпаратты қасақана таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сол арада "ВТВС | В Таразе всегда солнечно" Telegram-каналы эвакуацияланған тұрғындар орналастырылған орындардың бірінен кадрлар жариялады.

Ішкі істер министрлігі де тұрғындарды эвакуациялау сәтінен желіде видео жариялады.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Жамбыл облысының әкімдігі оқиға болған жерге жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929138-iim-zambyl-oblysynyn-turgyndaryn-evakuaciyalau-satinen-videony-zariya-etti-video/

pixel