Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға қатысты: Жағдай толықтай бақылауда

Опубликовано:

Жарылыс
Оқиға орны. Фото: facebook.com / Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің Facebook парақшасында өңірде болған төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді.

Аймақ басшысының сөзінше, қазір Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынған.

Төтенше жағдайға өңірдегі құқық қорғау, медицина және төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері барынша жұмылдырылған.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арнап Тараз қаласынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі де қарастырылған.

"Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда", - дейді Жамбыл облысының әкімі.

Облыс басшысының дерегінше, зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ, Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылданып жатыр.

"Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын", - дейді Бердібек Сапарбаев.

жарылыс
Фото: facebook.com / Бердібек Сапарбаев

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, кейін жойқын жарылыс болып, салдарынан жарылыс орнына жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған едік.

Қазір Тараз қаласындағы мектептерге Қайнар, Ботамойнақ, Жібек жолы ауылдарының және Байзақ ауданы Үшбұлақ станциясынан шамамен 1200 адам орналастырылған.

Соңғы мәліметтер бойынша төтенше жағдайдан 66 адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929146-zagdai-tolyqtai-baqylauda-berdibek-saparbaev-zambyl-oblysyndagy-zarylys-turaly-aitty/

pixel