Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі оқиға хронологиясын жариялады

Опубликовано:

Әскер
Фото: Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Жамбыл облысындағы әскери бөлім аумағында болған жарылыстан соңғы деректер бойынша 66 адам зардап шекті. Қорғаныс министрлігі ресми сайтында төтенше жағдайдың хронологиясын жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі қоймада инженерлік оқ-дәрілер жанған.

Өрт шыққан сәттен бастап әскери бөлімнің өрт сөндіруші командасына дабыл қағылған. Олар шынжырлы табанды және дөңгелекті техникамен өртті сөндіруге кіріскен. Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері шақырылған.

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Тілсіз жау инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймаға тиген.

Инженерлік оқ-дәрілер - бұл табиғи (тастар, таулар) және салынған (ғимараттар, құрылыстар) түрлі нысандарды бұзуға арналған.

Ол сондай-ақ қарсыластың техникасы мен жұмыс күшін бұзу үшін қолданылуы мүмкін. Яғни, зарядтар, фугас, әскерге қарсы және танкке қарсы миналар, тротил және басқа да жарылғыш заттарға қолданылады.

Өртті ауыздықтау мүмкін болмай, ол басқа да қоймаларға тиген. Инженерлік оқ-дәрілер жанып, бірнеше жарылыс болған. Ал куәгерлер түсірген аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуінен шыққан болуы мүмкін.

Инженерлік оқ-дәрілердің артиллерия мен ракеталық оқтардан айырмашылығы олар снарядтармен жабдықталмаған. Жанғанда және жарылған кезде салдарынан ірі соққы толқыны туындап, жалын мен шу әсері пайда болады. Дегенмен ірі бөлшектер, фрагменттер мен сынықтар алысқа ұшпайды.

Сағат 19:15-тен бастап әскери қалашыққа жақын 16 үйдің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Содан кейін оқиға орнынан 3 шақырым жердегі үш елдімекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Әскерге шақырушылар Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне көшірілді.

Қорғаныс министрлігінде арнайы комиссия құрылып, сағат 22.00 шамасында төтенше жағдайлар министрі қорғаныс министрінің басшылығымен әскери-көлік әуе ұшағымен Жамбыл облысына ұшып кетті.

Оқиға орнында қорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі, Жамбыл облысының әкімі, мемлекеттік органдардың жедел штабы басшыларының қатысуымен жиналыс өтті.

Апат салдарын жою бойынша барлық мемлекеттік органдардың әрекеттері үйлестірілді. Оның ішінде Қарулы күштер, Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер департаменті, әкімдік пен медициналық мекемелер бар.

Әскерилер оқиға болған жерді қоршауға алып, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен қоймадағы жағдайды бақылауды ұйымдастырды.

Одан бөлек, қорғаныс министрі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен бірге бронетехникамен қойма аумағына кірді. Онда олар өрттің таралу динамикасы мен алғашқы зардаптарын қарады.

Жамбыл облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Жарылыстар уақыт өте тоқтады, бірақ өрт жалғасуда. Сонымен қатар, бірқатар инженерлік оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар ысып, жарылып кетуі мүмкін, бұл соққы толқынын, жалын мен шу әсерінің үлкен мөлшерін шығарады.

Әскери бөлім мен инженерлік оқ-дәрілер қоймасы 1972 жылдан бері жұмыс істейді. 2019 жылы Арыстағы өрт ауыздықталғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі әкелінді.

Инженерлік оқ-дәрілер жерүсті сақтау қоймаларында сақталған. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929149-zambyl-oblysyndagy-zarylys-qorganys-ministrligi-oqiga-xronologiyasyn-zariyalady/

pixel