Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермекбаев Жамбыл облысындағы ТЖ-дан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді

Опубликовано:

Нұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев. Фото: ОКҚ

Еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында төрт адамның өмірін жалмаған жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол "Азаттық радиосы" тілшісінің сауалына берген жауабында айтты.

Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған. Десе де министр соңғы шешімді мемлекет басшысы қабылдайтынын алға тартты.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 26 тамызда әскери қоймада жарылыс болып, төрт адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жарылыстан зардап шеккендер саны 88 адамға жеткенін хабарлады.

Жарақат алғандарға Тараз қалалық ауруханасы мен Байзақ ауданының орталық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілгені белгілі болды.

Сонымен қатар, медициналық көмек көрсетудің арқасында жеңіл жарақат алған 60-қа жуық адам үйіне қайтарылған.

"Қазіргі уақытта Тараз қалалық орталық ауруханасында 28 адам жатыр. Оның алтауының жағдайы орташа ауыр. Бірақ өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Таңертең біз науқастармен кездестік, жағдайларын сұрадық. Дәрігерлерден оларға қазіргі таңда қандай көмек көрсететіндігін білдік. Дәрі-дәрмекке қатысты еш мәселе жоқ. Қазір олардың жағдайы тұрақты", - деді өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929196-qorganys-ministri-nurlan-ermekbaev-otstavkaga-ketuge-daiyn-ekenin-aitty/

pixel