Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында көз жұмған өрт сөндіру бөлімі бастығының артында төрт баласы қалды

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Әлеуметтік желіден алынды

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде қайтыс болған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Еркін Нәдірбековтің артында төрт баласы қалды. Марқұм 42 жаста еді.

AIBAT жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, балалардың ең кішісі бір жасқа да толмаған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әскери бөлімде жарылыс болған кезде, өрт сөндіру бөлімінің бастығы болған Нәдірбеков дереу оқиға орнына барыпты.

Ол Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасында өрт сөндіру тобын басқарған.

Жарылыстар тоқтағаннан кейін туыстары ер адамды іздей бастайды. Бірақ бүгін таңертең оның отбасына өрт сөндірушінің қызмет бабында қайтыс болғаны туралы хабарланды.

Енді туыстары Нәдірбеков қайтыс болғаннан кейін батыр деп жарияланады деп үміттенеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде.

ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылып, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929306-zambyl-oblysynda-koz-zumgan-ort-sondiru-bolimi-bastygynyn-artynda-tort-balasy-qaldy/

pixel