Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермекбаев пен Сапарбаев жарылыстан қаза тапқандардың отбасына барып, көңіл айтты

Опубликовано:

Ермекбаев Сапарбаев
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданында орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барып, Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап өтіп, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткізді", - делінген ресми хабарламада.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде.

ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылып, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар, апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929317-ermekbaev-pen-saparbaev-zarylystan-qaza-tapqandardyn-otbasyna-baryp-konil-aitty/

pixel