Жамбыл облысындағы жарылыстардан кейін аудандағы оқушылар мектепке бара ала ма
Жарияланған күні:
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте білім және ғылым министрлігінің өкілдері Қорғаныс министрлігінің қоймасында болған жарылыстардан соң Жамбыл облысындағы мектептердің жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бұл іс Білім және ғылым министрлігіне белгілі бола салысымен, министрдің тапсырмасы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы оқиға орнына аттанды. Осындай жағдайға тап болған барлығы 5 ауыл бар, біздің өкіл оларға барды.
Ол ата-аналармен және балалармен кездесті. Бүгінде балалардың жағдайы тұрақты, олардың қауіпсіздігіне жағдай жасалған. Мектептер де тексерілуде: аудит жүргізіледі, бірақ визуалды тексеру жүргізілген кезде, мектептің жағдайы жақсы, бізге осы уақытқа дейін күрделі жөндеу қажет емес екенін ауызша айтты. Бірақ шешімдер аудиттен кейін қабылданады.
Бұл елдімекендерде балалардың білім алу процесі үзілмейді, оқу жылы басталады", – деді Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Шолпан Каринова.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жеткен.
Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.
Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде.
ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылып, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929323-zambyl-oblysyndagy-zarylystardan-keiin-audandagy-oqusylar-mektepke-bara-ala-ma/