Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз маңындағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен әскериді туыстары іздеп жатыр

Опубликовано:

Бауыржан Дәуітбаев
Бауыржан Дәуітбаев. Фото: instagram.com/aibat__kz

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен әскери қызметкер Бауыржан Дәуітбаевты жақындары мен туыстары іздеп жатыр.

AIBAT ақпараттық қызметінің әскери қызметкердің әпкесі Айкен Жайылғанованың сөзіне сүйеніп хабарлауынша, ер адам бір тәуліктен бері отбасымен байланысқа шықпаған.

Оны төрт кәмелет жасына толмаған баласымен әйелі іздеп жатқаны хабарланды. Балалардың ең кішісі бес жасқа да толмаған.

Қазіргі уақытта Бауыржанның отбасы мүшелері Тараздағы туыстарының үйінде.

Әскери қызметкердің жақындарының сөзінше, күні кеше олар отбасылық меекені атап өткен. Туыстары Дәуітбаевтардың үйінде жиналғанымен, бірақ ол кезде отағасы үйден шығып кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Жарылыс салдарынан тоғыз адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929327-zambyl-oblysyndagy-zarylys-kezinde-zogalyp-ketken-askeridi-tuystary-izdep-zatyr/

pixel