Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздік жемісі: Маңғыстау облысы табиғи газбен 100 пайыз қамтылған жалғыз өңір

Опубликовано:

Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Еліміз Тәуелсіздік алғалы Маңғыстау облысы халқының саны екі есе өскен. Бүгінде қазыналы түбекте 720 мыңнан астам тұрады. Бүгін Ақтауда өткен облыстық қоғамдық кеңесі отырысында өңірдің 30 жылда жеткен басты жетістіктері айтылды.

Облыс әкімі С.Трұмовтың айтуынша, халық санының көбеюіне байланысты қалалар аумағы кеңейіп, жаңа ауылдар мен тұтас бір аудан пайда болды. Мұнайлы ауданы - еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда құрылған алғашқы аудан. Ол кезде аудан халқының саны 53 мың болса, осы күні Мұнайлының 174 мың тұрғыны бар.

Тәуелсіздік жылдары өңірдің әлеуметтік саласында да оң өзгерістер орын алды. Мәселен, 1991 жылы өңірде 151 балабақша жұмыс істесе, 2020 жылға қарай олардың саны 311-ге жеткен. Сонымен қатар, орта білім беретін мектептер саны 1,5 есе өскен. Қазір аймақта 140-тан астам мектепте оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беріліп жатыр.

Аймақ басшысы С.Трұмов 30 жылда денсаулық сақтау саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, өңірде жоғары медициналық технологияларымен қаруланған, тәлімі зор, тәжірибесі мол мамандары бар емханалар, ауруханалар ашылғанын айтты.

«Егемен алғаннан бері облысымызда 150-ден астам денсаулық сақтау нысаны іске қосылған.Озық үлгідегі Ана мен бала үйі, қан орталығы, кардио хирургия орталығы мен онкологиялық диспансер ашылып, ем алу үшін алысқа сабылатын тұрғындарға облыс аумағында емделіп, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік туды. Былтыр жедел-жәрдем автопаркі 100%-ға жаңарып, талапқа сай, қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған жаңа көліктер сатып алынды»,- деді С.Трұмов.

Тәуелсіздік жылдарының тағы бір жемісі - Маңғыстаудың шекаралық облыс ретінде транзиттік, көліктік-логистикалық және инфрақұрылымдық әлеуетінің артуы. Ел астанасынан шалғайда, түбекте жатқан Маңғыстауда темір жолы, теңіз және авто жолдар қатар дамып, бүгінде тоғыз жолдың торабына айналды.

Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет Кавказ, Түркия арқылы Еуропа елдеріне жаңа бағыт ашылды. Үш мемлекетті жалғайтын «Өзен–Берекет–Горган» халықаралық темір жол дәлізі ашылды.

«Маңғыстау облысы тұрғын үй құрылысы бойынша жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік алғалы бері Маңғыстауда 11 млн. 333 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Тәуелсіздік жылдарында облыстың жалпы өңірлік өнімі 48 есе өсті. Ал жан басына шаққандағы көрсеткіш 23 есеге артқан. Жалпы, 2005 жылдан бастап Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесті дамытудың оң динамикасы байқалады. Соңғы 15 жылда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 есе ұлғайды»,- деді С.Трұмов.

Жиын барысында сөз алған облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Жәнібек Қожық Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде Ата Заңымыз қабылданып, шекарамыз белгіленгенмен қатар тәуелсіз сана қалыптаса бастағанын айтады. Ол жасампаздық жолында Маңғыстаудың да жеткен жетістіктері аз еместігін тілге тиек етті. «Тәуеліздік алғанға дейін Маңғыстаудың бір де бір ауылында газ жоқ болатын. Соңғы 20 жылда Маңғыстау 100 пайыз қамтылды. Бұл республика бойынша бірінші көрсеткіш»,-деді Ж.Қожық.

Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Биылғы мерейлі жыл аясында облыста «Ел игілігі үшін!» жобасы басталды. Жоба өңір тұрғындары үшін аса қажетті әлеуметтік маңызы бар нысандар мен шараларды жүйелі іске асыру үшін жасақталған.

Жыл басынан бері облыс тұрғындарына тамаша тартулар жасалып жатыр. Ауылдарда спорт кешендері, жаңа саябақтар ашылып, субұрқақтар іске қосылды. Ақтауда Тұңғыш Президент саябағының құрылысы басталды.

Жыл соңына дейін тағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарды халық игілігіне тапсыру көзделуде.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы 3 млрд. теңгеге 102 шықырым жол салынып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаңа оқу жылында еңселі мектептер мен бала бақшалар пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929330-tauelsizdik-zemisi-mangystau-oblysy-tabigi-gazben-100-paiyz-qamtylgan-zalgyz-onir/

pixel