Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: Instagram / tarazlive.kz

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның ресми мәліметінше, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда.

Айта кетейік, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929332-zambyl-oblysyndagy-zarylystan-qaza-tapqandar-sany-on-eki-adamga-zetti/

pixel