Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери қоймадағы жарылысқа жақын маңда не болып жатыр (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысы
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Жамбыл облысында тас жол маңында орналасқан кафелер, жанармай бекеті, дөңгелек жөндеу орындарының терезесі сынып, шатырлары ұшқан. Дәл осы маңға жақын жердегі әскери қоймада жарылыс болған еді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта әскерилердің сөзінше, ауылға кіреберісте бекеттер орнатылып, тұрғындардың құжаттарын тексеріп өткізіп жатыр.

Жамбыл облысы
Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Жартылай қирап қалған ғимараттың маңына жергілікті ер адамдар жиналған. Анықталғандай, олар із-түзсіз жоғалып кеткен өрт сөндіруші достарын іздеуде. Құтқарушы кеше кештен бері байланысқа шықпаған.

"Өрт сөндіруші досымызды іздеп жүрміз. Ол кеше 6-дан бастап байланысқа шықпады. Ол өрт сөндіруші, өртті сөндіруге келген. Содан кейін жарылыстар болды. Оның аты Әділбеков Әділет. Оны отбасы, достары іздеп жатыр. Біз аурухана мен мәйітхананы да қарадық. Ол еш жерде жоқ. Достарымызды, іздеу командасын жинап, оны іздеп жатырмыз", - дейді тұрғындар.

Жамбыл облысы
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Ал кафе иелеріне келсек, олар әлі келтірілген шығынды есептемегенін айтады. Айта кетейік, ауылда теміржол қозғалысы қайта іске қосылды.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының Байзақ ауданында 26 тамызда жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған.

Жамбыл облысы
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929333-askeri-qoimadagy-zarylysqa-zaqyn-manda-ne-bolyp-zatyr-foto/

pixel