Соңғы дерек: Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Опубликовано:

Қазақстан үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 28 тамыздағы жағдай бойынша еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Соңғы мәліметтер бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұрса;
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы ғана орналасқан. Айта кетерлігі., бұл өңір 15 тамыздан бері «жасыл» аймақта тұр.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 233 адам коронавируспен ауырғаны расталды. Науқастардың көбі Алматы қаласынан анықталып отыр.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 602,
Алматы қаласы – 1 506,
Шымкент қаласында - 246,
Ақмола облысы - 258,
Ақтөбе облысында - 420,
Алматы облысында - 436,
Атырау облысында - 315,
Шығыс Қазақстан облысында - 191,
Жамбыл облысында - 157,
Батыс Қазақстан облысында - 115,
Қарағанды облысында - 815,
Қостанай облысында - 256,
Қызылорда облысында - 177,
Маңғыстау облысында - 213,
Павлодар облысында - 335,
Солтүстік Қазақстан облысында - 120,
Түркістан облысында - 71 адам қатерлі вирус жұқтырған.
Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 773 934-ке жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929355-songy-derek-onirlerdegi-epidemiologiyalyq-axualdy-bagalau-matricasy-zariyalandy/