Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: Әскери бөлімдегі жарылыстан алты прокурор жарақат алды

Опубликовано:

Аурухана
Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Әскери бөлімдегі жарылыс кезінде көз жұмған Оңтүстік өңірінің әскери прокуроры Арман Қапезовпен бірге тағы алты прокуратура қызметкері болған деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

"2021 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар ауылының маңындағы әскери бөлімнен өрт шыққаны туралы ақпарат алып, жеті адамнан тұратын прокурорлар тобы мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестіру және тұрғындарға қауіптілік деңгейін анықтау мақсатында оқиға орнына барған.

Оқиға орнында болған сәтте оқ-дәрілер жарылған, салдарынан Байзақ ауданы және Оңтүстік өңір әскери прокуратурасының алты қызметкері түрлі дене жарақатын алды, біреуі қайтыс болды", - делінген хабарламада.

"Қызметтік борышын орындау кезінде өз өмірін қатерге тіге отырып, біздің әріптестеріміз ерлік пен батылдық танытты және антқа адал офицердің үлгісін көрсетті", - деп мәлімдеді ведомство.

Марқұм Қапезов прокуратура органдарында 20 жылдан астам жұмыс істеген, қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградамен марапатталған. Әріптестері арасында сыйлы болды.

Арман Қуанышұлының төрт баласы қалды.

Еске сала кетсек, Жамбыл облысының Байзақ ауданында 26 тамызда жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия оқиға орнына барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929357-bas-prokuratura-askeri-bolimdegi-zarylystan-alty-prokuror-zaraqat-aldy/

pixel