Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетілді

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қаулы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде қабылданды.

Жаңа құжат 28 тамыз күні сағат 00:00-де күшіне енеді.

Елорданың қоғамдық көлігі жұмыс күндері және сенбі күндері штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ, демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын бірқатар нысанның қызметіне рұқсат етіледі. ХҚО-лардың, жеке медициналық ұйымдардың жұмыс кестесі өзгертілді.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жұмысын енді ғимараттың жобалық қуатына сәйкес әрбір топтың толтырылуымен қамтамасыз етуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 233 адам коронавируспен ауырғаны расталды. Науқастардың көбі Алматы қаласынан анықталып отыр.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 602,

Алматы қаласы – 1 506,

Шымкент қаласында - 246,

Ақмола облысы - 258,

Ақтөбе облысында - 420,

Алматы облысында - 436,

Атырау облысында - 315,

Шығыс Қазақстан облысында - 191,

Жамбыл облысында - 157,

Батыс Қазақстан облысында - 115,

Қарағанды облысында - 815,

Қостанай облысында - 256,

Қызылорда облысында - 177,

Маңғыстау облысында - 213,

Павлодар облысында - 335,

Солтүстік Қазақстан облысында - 120,

Түркістан облысында - 71 адам қатерлі вирус жұқтырған.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 773 934-ке жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929361-zana-qauly-nur-sultanda-karantin-zenildetildi/

pixel