RU

Маңғыстау облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

қаулы
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Маңғыстау облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№19 қаулы Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің қызметіндегі өзгерістерге қатысты.

Жаңа қаулы бойынша 28 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын объектілердің демалыс күндері сағат 00:00-ге дейін «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдарда теріс нәтижесі бар ПТР-тестінің болуы) қызметкерлер мен келушілердің кіруіне рұқсат етіледі.

Ал облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, қонақ үйге, әуежайға, теміржол вокзалына, білім беру объектісіне, ЖОО-ларға, колледж, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханасына кіру үшін «Жасыл мәртебе» болу талабы қойылмайды.

Сенбі күндері қалаішілік қоғамдық көліктердің қозғалысына рұқсат етіледі. 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандары жұмыс күндері сағат 00:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929368-mangystau-oblysy-bas-sanitar-darigerinin-zana-qaulysy-zariyalandy/