Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ТЖ кезінде қаза тапқан құтқарушылардың аты-жөні жарияланды (фото)

Опубликовано:

Жамбылдағы жарылыс
Фото: inbusiness.kz

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан ТЖМ қызметкерлерінің тізімі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери бөлімдегі жарылыстар мен өрт кезінде азаматтық қорғау органдарының бес қызметкері қаза тапты:

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;

Арнұр Серікұлы
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

Сандыбаев Елдос
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

3. Микропуло Александр Николаевич - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары.

Микропуло Александр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

Төребеков Тәңірберген
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

5. Айманов Мейіржан қақпосынұлы - Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары.

Айманов Мейіржан
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929375-zambyl-oblysynda-tz-kezinde-qaza-tapqan-qutqarusylardyn-aty-zonderi-zariyalandy-foto/

pixel