Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарылыс кезінде адамдардың дене мүшесі жұлынып кеткенін айтқан тараздық жігіт ұсталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

27 тамызда полицейлер instagram желісін бақылау кезінде Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстарды жоюға болмайтынын және оның күші жойқын екенін айтқан бейнежазбаны анықтады деп хабарлады Хабар 24.

Оны таратқан Тараз қаласының 26 жасар тұрғыны болып шықты. Сондай ақ көптеген азамат зардап шекті деген ол дене бөліктері жұлынған құрбандар да бар екенін айтып, жар салған.

Азамат өз ісіне өкінетінін айтып, анықталмаған ақпарат салғаны үшін елден кешірім сұрады.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Оған қоса Қорғаныс министрлігі де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929385-zarylys-kezinde-adamdardyn-dene-musesi-zulynyp-ketkenin-aitqan-tarazdyq-zigit-ustaldy/

pixel