Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда трактор аударылып, екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Трактор
Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып қалып, екі адам қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 тамыз күні Бөкей ордасы ауданында болды. Шамамен сағат 10.30-да аудан орталығы Сайқын ауылында трактор аударылып қалған.

Соның салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз бала көз жұмды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында полицейлерге қатысты екі жемқорлық фактісі тергеліп жатқаны жөнінде хабарлаған едік. Олардың бірі параны қой түрінде алған деген мәліметтер де бар. Ал тергеушінің өзі малды сатып алғанын айтып отыр.

БҚО полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының мән-жайын айтпаса да, жемқорлық фактісінің тіркелгенін растады.

"Кезекті жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында БҚО ПД ӨҚБ қызметкерлері Жәнібек ауданы полиция қызметкерінің ақшалай сыйақы алу фактісін анықтады, сондай-ақ тергеушілердің бірі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929391-batys-qazaqstanda-traktor-audarylyp-eki-adam-koz-zumdy/

pixel