Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тілсіз жаудың астында қалдың, бауырым": Әнші Бүркіт жарылыста өзінің жан досынан айырылды

Опубликовано:

Жарылыста қаза тапқан Мейіржан Айманов
Жарылыста қаза тапқан Мейіржан Айманов: Қорғаныс министрлігі

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар арасында полковник Мейіржан Айманов та бар. 26 тамыз күнгі апаттан көз жұмған Айманов елімізге танымал әнші Бүркіттің сыныптасы әрі досы болған. Эстрада жұлдызы қыршын кеткен досына жазба арнап, әлеуметтік желі қолданушыларын толқытты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қайран досым!

Кешегі Тараздың маңында болған жарылыста қаза болған досым, Мейіржан! Жаның жәннатта болсын! Қайғырып отырмын, досым! Бес балаң қалды ғой артыңда! Бес балаң! Не болды енді бұл, не болды?!!

Отқа бірінші жүгіріп, досым, кеттің-ау!.. Жас кеттің-ау, досым! 5 күн бұрын сенімен телефонмен сөйлесіп едім, абай болшы деп...

Досымның жақындарына, бала-шағасына қайғырып көңіл айтам! Жарылыстан кейін, Мейіржанның денесін бүгін ғана түстен кейін тауыпты.

Тілсіз жаудың астында қалдың, бауырым! Айтар сөзім жоқ. Сен қаһармансың! Сен - Батырсың!

Он жыл бір класта оқып, бірге ойнап, бірге өскен досым! Қыршын кеттің!

Артыңда қалған бес балаңа обал болды... Жаның жәннатта болсын! Полковник Мейіржан Айманов", - деп жазды Бүркіт.

Мейіржан Айманов Жамбыл облыстық "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары міндеті атқарған. Марқұмның артында бес баласы мен жұбайы қалды.

Айта кетелік, 26 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстан 13 адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929404-tilsiz-zaudyn-astynda-qaldyn-bauyrym-ansi-burkit-zarylysta-ozinin-zan-dosynan-aiyryldy/

pixel