jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты жаңа статистиканы Coronavirus2020.kz ресми Telegram-каналында жария етті.

Елімізде өткен тәулікте 5993 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, дертті жұқтырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 590

Алматы қаласы - 1491

Шымкент қаласы - 217

Ақмола облысы - 260

Ақтөбе облысы - 320

Алматы облысы - 412

Атырау облысы - 401

Шығыс Қазақстан облысы - 175

Жамбыл облысы - 129

Батыс Қазақстан облысы - 136

Қарағанды облысы - 750

Қостанай облысы - 271

Қызылорда облысы - 130

Маңғыстау облысы - 223

Павлодар облысы - 326

Солтүстік Қазақстан облысы - 88

Түркістан облысы - 74

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 779927.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева Ashyq қосымшасында "көк" статус шығатын адамдарға қайда кіруге рұқсат етілетінін айтып берді.

Сондай-ақ, Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерден ПТР-тест нәтижесін талап етуге болмайтынын мәлімдеген еді.

Одан бөлек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойған болатын. Оған сәйкес, демалыс күндері қызметкерлері Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие мекемелерге ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар дәмханалар мен сауда ойын-сауық орталықтарына да "жасыл" статусы бар азаматтар ғана кіргізіледі.

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.