RU

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 124 адам көз жұмды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 124 адам көз жұмды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

28 тамыздағы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, коронавирус белгілері бар пневмонияның 63 жағдайы және 20 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 18 адам емделіп шықты.

Бұл күні COVID-19 инфекциясы 5993 адамнан расталып шықты. Індеттен 104 адам қайтыс болды.

Бір тәулікте жалпы алғанда коронавирустан 124 науқас көз жұмды.

Айта кетейік, елімізде қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны азая түсті. Өткен тәулікте 5222 дерек тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929473-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-bir-taulikte-124-adam-koz-zumdy/